АҚШ жүк тасымалында Қазақстан порттарының көмегіне жүгінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан арқылы қажетті жүктерді Ауғанстанға тасымалдау желісі еліміздің мүдделеріне толықтай сәйкес келеді. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

АҚШ жүк тасымалында Қазақстан порттарының көмегіне жүгінеді

Отырыс барысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Ауғанстанның тұрақтылығы және қайта қалпына келтіру жөніндегі іс-қимылға АҚШ-тың қатысуына байланысты Қазақстанның аумағы арқылы арнайы жүктің коммерциялық теміржол транзитін қамтамасыз ету туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Қайрат Әбдірахмановтың атап өтуінше, АҚШ Президенті Дональд Трамп Ауғанстанға тұрақты логистикалық жәрдем беру және жол ашу, сондай-ақ гуманитарлық көмекті күшейтуге үлес қосу арқылы АҚШ-тың Оңтүстік Азия жөніндегі Стратегиясын қолдауға Қазақстанның берік ұстанымы үшін Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді.