АҚШ журналистері Головкин мен Альварестің қарсыластарын салыстырып көрді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com сайтының журналисі Дэн Эмброуздың ойынша, Геннадий Головкиннің соңғы бес қарсыласы Альварестің оппонентерінен әлдеқайда мықты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

АҚШ журналистері Головкин мен Альварестің қарсыластарын салыстырып көрді

"Эрисланди Лараға қарсы өткен даулы жекпе-жегінен кейін Альварес рингке бес рет шыққан. Оның оппонентері мыналар: Джеймс Киркленд, Мигель Котто, Амир Хан, Лиам Смит пен Хулио Сезар кіші Чавес. Олардың барлығын мықты боксшылардың қатарына жатқызуға болмайды. Бұларды "рекорд жасайтын қарсыластар" деп айта алмаймыз. Меніңше, Дэнни Джейкобс немесе Давид Лемье бесеуін де жапырып тастайтын еді.

Ал, енді Головкиннің соңғы бес қарсыласын айтайық. Олар - Давид Лемье, Мартин Мюррей, Дэниэл Джейкобс, Келл Брук пен Вилли Монро. Осы боксшылардың ішінде жалғыз Лемьенің өзі "Канелоға" қарсы шыққан соңғы бес боксшыны оп-оңай жеңе алатынына сенімдімін. Сосын мексикалық боксшыға қарағанда, ол өз жекпе-жегін әдемі аяқтайтын еді. Меніңше, Хан мен Киркленд Лемьеге қарсы бір раундқа да шыдай алмайды. Смит үшінші раундқа дейін жете алмайды. Ал Котто Лемьеге қарсы алтыншы раундға әрең дегенде шыдайтын еді. Чавес болса, соққыдан құлап, бірден өз бұрышына тығылатын еді. Анджей Фанфарамен болған кездесуде солай болды", - деп жазды Эброуз өз материалында.

Айта кетейік, бұған дейін Дэн Эмброуз Головкин мен Альварес арасындағы келісімшарттың бір тұсына қатысты өз пікірін білдірген болатын. Келісімшартта мексикалық боксшыға қарымта кездесуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұл дегеніміз, Альварес ұтылса, Головкин міндетті түрде реваншқа келісуі тиіс. Ал қазақстандық боксшының өзі жеңіліп қалса, қарымта кездесуді талап ете алмайды. Дэн Эмброузтың ойынша, Головкинге «сарыбас» мексикалық жұлдызды нокаутпен жеңу керек. Ал қарымта кездесу де нокаутпен аяқталса, GGG кәсіби бокстың ғана емес, PPV рейтингі шыңына да шыға алады .