АҚШ журналистері Головкинді ағылшын тілін үйренгені үшін мақтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Журналист Дэн Эброуздың айтуынша, кәсіби бокста xалықаралық жұлдызға айналу үшін тіл білімі де керек. Ал ағылшын тілін үйрену жағынан Альварес қазақстандық боксшы Головкиннен қалып келеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Негізі, боксшының ағылшын тілін білу деңгейі оның спорттық мансабына да оң әсер ете алады. Ол жағынан "Канело" баяу қимылдап жатыр. Меніңше, аудармашысыз Американың бокс сүйер қауымымен тікелей байланыс орнатуға болады. Головкин болса, Альвареспен салыстырғанда, кәсіби боксқа кеш келсе де, тілді әлдеқайда тез меңгеріп кетті", - деп жазды Эброуз өзінің Boxingnews24.com сайтындағы бағанасында.
Айта кетейік, бұған дейін Эмброуз Головкин мен Альварес арасындағы келісімшарттың маңызды бір бөліміне қатысты өз пікірін білдірген болатын. Оған сәйкес, мексикалық боксшыға қарымта кездесуге мүмкіндік беріліп отыр. Бұл дегеніміз, Альварес ұтылса, Головкин міндетті түрде бұған келісуі тиіс. Ал қазақстандық боксшының өзі жеңіліп қалса, қарымта кездесуді талап ете алмайды. Дэн Эмброуздың ойынша, Головкинге «сарыбас» мексикалық жұлдызды нокаутпен жеңу керек. Егер бұл айқас та нокаутпен аяқталса, GGG кәсіби бокстың ғана емес, PPV рейтингі шыңына да шыға алады.
Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте өтеді. Оған жанкүйерлердің рекордтық саны жиналады деген болжам бар . Осы жекпе-жектің жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Билли Джо Сондерспен (24-0, 12 КО) кездесуі әбден мүмкін. Ол жайында ұлыбританиялық боксшының промоутері Фрэнк Уоррен де айтып отыр . YouTube-тағы GOATBoxing арнасы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің нокаутттарын салыстырып, арнайы бейнеролик жасап шығарды.