АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс радарын Болгарияда немесе Түркияда орналастырмақ
АСТАНА. Тамыздың 2-сі. ҚазАқпарат - АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс жүйесінің радиолокациялық стансысын Болгарияның немесе Түркияның аумағына орналастыру туралы келісімді жасауға жақын.
Бұл туралы американдық бұқаралық ақпарат құралдары Пентагонға сілтеме жасап хабарлады.
РБК агенттігінің мәлімдеуінше, 2009 жылы қыркүйектің 17-сінде АҚШ зымыранға қарсы қорғаныс элементтерін Чехияда немесе Польшада орналастыру жөніндегі ескі жоспарынан бас тартқанын, бірақ Еуропадағы зымырандық қорғаныс идеясынан бас тартпайтынын мәлім еткен болатын.
АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтстің атап көрсетуінше, ескі бағдарламаны ұтқыр және технологиялық қорғанысы күштірек жаңа бағдарламамен алмастыру қарастырылуда. Жаңа жоспар бойынша радарлар Болгарияда немесе Түркияда орналастырылуы мүмкін.
Дегенмен, әзірге АҚШ-тың Түркиямен және Болгариямен келіссөзін растаған ресми мәлімет жоқ.