Ақша айырбастау орындарында доллар арзандап, теңге нығайды

доллар
Фото: pexels.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 444-448 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 444,7 - 446,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 444-448 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 24 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 444,32 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,76 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,69 -4,79 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,68 -4,78 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 23 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,44 теңгеге төмендеп, 444,22 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар