Ақша айырбастау орындарында доллар арзандап, теңге нығайды

валюта евро доллар
Фото: handelsblatt.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 440-445 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,7 - 443,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 440 - 445 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 30 сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 441,44 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,75 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,72-4,75 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,67 - 4,77 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 29 сәуір күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,79 теңгеге төмендеп, 441,41 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар