Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

доллар
Фото: Kazinform

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 453– 457 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,9 – 456,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 453 – 457 теңге аралығында құбылып тұр. 

Ұлттық банктің 11 қаңтардағы ресми бағамы – 1 долларға 453,34 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,07 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,95 – 5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5,1 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 9 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,13 теңгеге қымбаттап, 453,43 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар
telegram