Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 457– 460 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 457,9 – 460,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 458 – 460 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 26 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 457,63 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,98 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,89 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,98 - 5,03 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 25 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,90 теңгеге төмендеп 457,60 теңге болған.