Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды. 

валюта
Коллаж: Kazinform / Freepik

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар 486,01 теңгеден сатып алынады, 493,00 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 563,03 теңге, сату — 573,00 теңге;
— рубль: сатып алу — 6,49 теңге, сату — 6,80 теңге;
— юань 68,86 теңгеден сатып алынады, 73,95 теңгеден сатылады.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде:

— доллар: сатып алу — 488,83 теңге, сату — 491,50 теңге;
— еуро: сатып алу — 564,46 теңге, сату — 569,46 теңге;
— рубль 6,53 — 6,65 теңге аралығында саудаланады.
— юань 70,47 — 73,02 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Еске салайық, 12 маусым күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,44 теңгеге өсіп, 489,33 теңге болды.