Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар 449,99 теңгеден сатып алынады, 456,99 теңгеден сатылады;
- еуро: сатып алу - 491,97 теңге, сату - 501,97 теңге;
- рубль: сатып алу - 5,19 теңге, сату - 5,40 теңге;
- юань 67,63 теңгеден сатып алынады, 71,64 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
- доллар: сатып алу - 453,00 теңге, сату - 455,45 теңге;
- еуро: сатып алу - 497,76 теңге, сату - 502,32 теңге;
- рубль 5,24 - 5,36 теңге аралығында саудаланады.
- юань 67,36 - 69,80 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 23 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,2 теңге түсіп, 455,12 теңге болды.