Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта елорданың ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар 450,57 теңгеден сатып алынады, 457,57 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 502,57 теңге, сату — 512,58 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,33 теңге, сату — 5,54 теңге;
— юань 68,12 теңгеден сатып алынады, 71,74 теңгеден сатылады.
Алматының ақша айырбастау пункттерінде:
— доллар: сатып алу — 452,24 теңге, сату — 454,39 теңге;
— еуро: сатып алу — 505,01 теңге, сату — 509,20 теңге;
— рубль 5,30 — 5,42 теңге аралығында саудаланады.
— юань 67,81 — 70,27 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, 2 қараша күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,13 теңгеге түсіп, 453,64 теңге болды.