Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы көтерілді

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 452– 456 теңгеден саудаланып жатыр.

Доллар
Фото: Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 453,9 – 456,3 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 452 – 456 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 7 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 454,59 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,01 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,91 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,92 - 5,02 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 6 ақпан күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,08 теңгеге қымбаттап, 454,37 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар