Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы төмендеді

Қор нарығында доллар қайта қымбаттады
Фото: Kazinform

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 458 – 461 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,1-460,7 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 458,5-461,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 14 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 455,69 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,07 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,01 – 5,19 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,07-5,17 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 13 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,76 теңгеге төмендеп 455,86 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар