Ақша айырбастау орындарында доллар да, рубль де қымбаттап жатыр

доллар
Фото: freepik.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471 – 476 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 2 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 475,18 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,47 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471 – 476 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 473,1 – 475,7 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,27 – 5,47 аралығында саудалануда.

Айта кетейік, 1 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,12 теңгеге қымбаттап, 474,96 теңге болған. 

Соңғы жаңалықтар
telegram