Ақша айырбастау орындарында доллар да, рубль де қымбаттап жатыр

Валюта, деньги, доллары
Фото: freepik.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 462 — 467 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 25 маусымдағы ресми бағамы — 1 долларға 465,28 теңге. 

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,33 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 462 — 467 теңгеден сатылып жатыр. 

Ал, Алматыда доллар 464,7 — 467,3 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,05 — 5,35 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 24 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,72 теңгеге қымбаттап, 465,52 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар
telegram