Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441-446 теңгеден саудаланып жатыр.

Доллар
Фото: Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,1- 445,1 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 441 - 446 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 442,05 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,74 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,71 - 4,77 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,67 - 4,77 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 30 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,64 теңгеге қымбаттап, 442,05 теңге болған.