Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 464– 469 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: freepik.com

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 464,7 -467,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 464-469 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 28 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 465, 52 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 45 теңге болды. Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,27 - 5,39 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,2 -5,4 теңгеден сатылып жатыр.

Айта кетейік, 27 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,81 теңгеге қымбаттап, 465,64 теңге болған.