Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446– 451 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,9 -449,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 446-451теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 6 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 448,64 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,06 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,97 - 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,97-5,07 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 5 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,44 теңгеге қымбаттап, 448,58 теңге болған.