Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Доллар
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 445–450 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,05 — 448,68 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 445 — 450 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 19 сәуірдегі ресми бағамы — 1 долларға 447,40 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,76 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,70 — 4,80 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,65 — 4,78 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 18 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,38 теңгеге қымбаттап, 447,35 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар