Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 440-445 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,1- 442,9 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 440 - 445 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 440,90 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,82 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,77 - 4,85теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,75- 4,85 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 14 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,04 теңгеге төмендеп, 440,93 теңге болған.