09:37, 09 Ақпан 2024 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 449– 453 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,7 – 452,1 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 449 – 453 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 9 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450,34 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,93 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,87 – 5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,89 - 4,96 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 7 ақпан күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,91 теңгеге төмендеп, 450,29 теңге болған.