09:30, 26 Ақпан 2024 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 450– 454 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450,3 – 452,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 450 – 454 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 26 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 449,88 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,83 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,75 – 4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,7 - 4,83 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 23 ақпан күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,41 теңгеге қымбаттап, 450,05 теңге болған.