Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Валюта
Фото: Мұхтар Холдорбеков/ Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 438-443 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442,1 — 443,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 438 — 443 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 439,43 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,82 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,75 — 4,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,74 — 4,84 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 6 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,15 теңгеге төмендеп, 439,43 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар