Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АСТАНА. KAZINFORM – Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446– 450 теңгеден саудаланып жатыр.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 446,91 теңге.
Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 долларға 446,91 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны – 4,85 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 447,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 448,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 445 теңге, сатып алу құны – 450 теңге.
Ресей рублі 4,75 – 4,9 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Еске салайық, наурыз айының қорытындысы бойынша, теңге бағамы 0,9%-ға нығайып, 1 АҚШ доллары 446,77 теңгеге дейін қалыптасты. Қазақстан қор биржасында сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 187 млн АҚШ долларынан 225 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 3,8 млрд АҚШ долларын құрады.
Бұған дейін сәуірде Ұлттық банк Ұлттық қордан 1,1 млрд АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатуды көздейтінін жазған едік.