09:38, 07 Наурыз 2024 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 447-452 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,5 — 451,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Астанада доллар бағамы 447,5 — 452,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 7 наурыздағы ресми бағамы — 1 долларға 447,52 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,96 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,85 — 4,92 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,8 — 4,95 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 6 наурыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,41 теңгеге төмендеп, 447,83 теңге болған.