Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 439– 444 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 441,82 – 443,23 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 439 – 444 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 29 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 441,59 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,99 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,94 – 5,01 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,93 - 5,04 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 28 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,87теңгеге төмендеп, 441, 68 теңге болған.