09:16, 05 Ақпан 2024 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 451– 455 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 451,1 – 453,7 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 451 – 455 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 5 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 451,24 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,98 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93 – 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,95 - 5 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 2 ақпан күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,64 теңгеге қымбаттап, 451,28 теңге болған.