Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441-446 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442,9- 444,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 441 - 446 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің ұсынған бағамы — 1 долларға 443,16 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,94 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,87 - 4,95 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,87 - 4,97 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 24 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0, 18 теңгеге қымбаттап, 443,14 теңге болған.