Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Валюта, деньги, доллары
Фото: freepik.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 449– 454 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 450,5 -452,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 449 - 454 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 13 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 451,77 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,07 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,77 - 5,07 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,95-5,07 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 12 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,59 теңгеге қымбаттап, 451,54 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар