09:22, 19 Наурыз 2024 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448– 453 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,1 – 451,3 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 448 – 453 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 19 наурыздағы ресми бағамы – 1 долларға 449,30 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,89 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81 – 4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,75 - 4,9 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 18 наурыз күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,64 теңгеге қымбаттап, 449, 30 теңге болған.