Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 441 - 446 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 442,9 - 444,7 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 441 - 446 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 17 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 441, 58 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,86 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,75 – 4,87 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,81 - 4,89 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 16 мамыр кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,59 теңгеге қымбаттап, 442, 02 теңге болған.