Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Доллар
Фото: Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446– 451теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 447,5 – 448,9 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 446 – 451 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 11сәуірдегі ресми бағамы – 1 долларға 447,15 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,80 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,78 – 4,81 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,7 - 4,83 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 10 сәуір кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,16 теңгеге қымбаттап, 447, 36 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар