Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

доллар
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 449– 454 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,3 – 451,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 450 – 454теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 22 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450,80 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,88 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,77 – 4,89 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,78 - 4,88 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 21 ақпан күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,20 теңгеге қымбаттап, 450,77 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар
telegram