Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 466 – 470 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 466– 470 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 466,9 – 469,7 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 14 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 465,89 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,06 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,97 – 5,17 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5 - 5,15 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 13 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2 теңгеге төмендеп, 465, 86 теңге болған.