Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 455-458 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Ақша айырбастау пункттерінде доллар 464 - 469 теңгеден сатылып жатыр
Фото: Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 455,5-458,1 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 456-458 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 15 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 455,63 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,08 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,99-5,17 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,02-5,12 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 14 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,24 теңгеге төмендеп 455,62 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар