Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 473–478 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473– 478 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 474,9 – 478,3 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 27 қазандағы ресми бағамы – 1 долларға 476,28 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,09 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,93 – 5,11теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,92 - 5,07 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 26 қазан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,23 теңгеге қымбаттап, 476, 10 теңге болған.