09:25, 12 Желтоқсан 2023 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр
Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 458 – 461 теңге аралығында саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 458,9– 461,5 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 459 — 461 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 12 желтоқсандағы ресми бағамы: 1 долларға — 458,49 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,04 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,99 — 5,17 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5 — 5,05 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 11 жетоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,78 теңгеге төмендеп 458, 49 теңге болған.