Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр
Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 469 – 473 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 469– 473 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Алматыда доллар бағамы 469,5 – 473 теңге аралығында құбылып тұр.
19 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,59 теңгеге қымбаттап, 471,37 теңге болған.
Ұлттық банктің 20 қыркүйектегі ресми бағамы – 1 долларға 471,45 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,90 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,77 – 4, 97 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,80 - 4,93 теңгеден сатылуда.