Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 460 – 466 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Доллар
Фото: Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 460– 465 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Алматыда доллар бағамы 463,3 – 466,1 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 16 қарашадағы ресми бағамы – 1 долларға 461,53 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,17 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,05 – 5,25 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,1 - 5,25 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 15 қараша кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,99 теңгеге төмендеп, 461, 64 теңге болған.