09:30, 20 Ақпан 2024 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап, рубль арзандады
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 449– 453 теңгеден саудаланып жатыр.
Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 449,1– 451,1 теңгеден сатылып жатыр.
Ал Астанада доллар бағамы 449,5 – 453,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 20 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 450,14 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,87 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,83 – 4,90 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 4,86 - 4,91 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 19 ақпан күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,53 теңгеге қымбаттап, 450,41 теңге болған.