Ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап жатыр

Доллар
Фото: Pіxabay.com

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 448– 452 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 448,5 - 449,3 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 447- 452теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 11 маусымдағы ресми бағамы – 1 долларға 448,12 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,05 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5 - 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5-5,1 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 10 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,83 теңгеге қымбаттап, 448,24 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар
telegram