Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 480 - 485 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 3 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 482,53 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,41 теңге. Еуро — 533,77
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 484 теңге. Еуро 533,5 — 535,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 480 теңге, сатып алу құны — 485 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,23 - 5,38 аралығында саудаланып жатыр.
Бұған дейін ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов биылғы теңге бағамына қатысты пікір білдірген еді.