Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 475– 480 теңгеден саудаланып жатыр.

Доллар
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 477,3 - 479,5 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Астанада доллар бағамы 475 - 480 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 19 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 477, 03 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 43 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,33 - 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,35 -5,5 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 18 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2,38 теңгеге қымбаттап, 477, 25 теңге болған.

Соңғы жаңалықтар