09:28, 25 Шілде 2024 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472– 477 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 473,1 - 475,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Астанада доллар бағамы 472 – 477 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 25 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 474, 09 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 48 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,35 - 5,45 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,35 -5,5 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 24 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,23 теңгеге қымбаттап, 474, 06 теңге болған.