Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 475 - 479 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 9 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 477, 14 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,49 теңге. Еуро — 521, 28
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 475, 9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 478,1 теңге. Еуро 520, 5 - 525 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 475 теңге, сатып алу құны — 479 теңге. Еуро 517,89 теңгеден сатылып, 523, 03 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,38 - 5,53 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 8 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,26 теңгеге қымбаттап, 477, 17 теңге болған.