Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 476-481 теңгеден саудаланып жатыр.

доллар
Фото: freepik.com

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 478,7 - 481,3 теңгеден сатылып жатыр.

Ал, Астанада доллар бағамы 476 – 480 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 6 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 477, 15 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,63 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,53 - 5,63 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 5,42 -5,57 теңгеден саты.

Айта кетейік, 5 тамыздағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3 теңгеге қымбаттап, 477, 60 теңге болған.