Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 475- 479 теңге аралығында саудаланып жатыр.

доллар
Фото: freepik

Ұлттық банктің 21 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 476,81 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,21 теңге. Еуро — 528,4

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 475,78 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 477, 80 теңге. Еуро 524,87 — 528, 77 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 475 теңге, сатып алу құны — 479 теңге. Еуро 524 теңгеден сатылып, 529 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,11 - 5,31 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 20 тамыз кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 2, 01 теңгеге төмендеп, 476, 62 теңге болған.