Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр
АЛМАТЫ. KAZINFORM — Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 481 - 486 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 5 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 483,57 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,41 теңге. Еуро — 534,49
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 483,1 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 484,9 теңге. Еуро 533 — 537 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 481 теңге, сатып алу құны — 486 теңге. Еуро 531 теңгеден сатылып, 537 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,25 - 5,39 аралығында саудаланып жатыр.
Айта кетейік, 4 қыркүйек кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,60 теңгеге қайта қымбаттап, 483, 48 теңге болған.