09:19, 12 Шілде 2024 | GMT +5
Ақша айырбастау орындарында теңге нығайды
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 473– 478 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471,9 - 474,3 теңгеден сатылып жатыр.
Ал, Астанада доллар бағамы 473 - 478 теңге аралығында құбылып тұр.
Ұлттық банктің 12 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 474, 26 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5, 43 теңге болды.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,29 - 5,41 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,23 -5,43 теңгеден сатылуда.
Айта кетейік, 11 шілде кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 3,97 теңгеге төмендеп, 474,23 теңге болған.