Ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы қандай

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 454– 458 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

доллар
Фото: Kazinform

Kurs.kz дерегінше, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 454,5 — 458 теңгеден сатылып жатыр.

Ал Астанада доллар бағамы 454, 5 — 457,5 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 5 қаңтардағы ресми бағамы — 1 долларға 456,09 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,00 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,87 — 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,85 — 5,00 теңгеден сатылуда.

Айта кетейік, 4 қаңтар кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,35 теңгеге төмендеп, 455,67 теңге болған.